Ойын басында кімге – ойыншыға ма, банкирге (дилерге) ме және/немесе тең ұтыс тігіс жасау қажет пе, соны таңдап алу қажет. Ұтыс тігіс жасалғанда, ойыншы мен банк жолында 52 парақты колодадан екі карта ашылып таратылады. Мақсаты – тоғыз ұпай немесе осы сомаға мейлінше жақын ұпай жинау. Ұпайлар былайша есептеледі: екіден онға дейінгі карта – номинал бойынша, туз – бір ұпай, ондықтар және «суреттер» – нөл. Егер жиынтығында 10 ұпай немесе одан көп шықса, онда сомадан 10 шегеріледі. Осылайша, 7 және валет 7 ұпай, ал 6 мен 7 сандары 6+7=13-10=3 ұпай береді. Егер ойыншыда немесе дилерде екі картадан 8 немесе 9 ұпай шықса, онда ойын аяқталады, кімде көбірек болса сол ұтады (тең түсуі де ықтимал). Егер 8 немесе 9 ұпай жиналмаса, онда ойыншы өзінде 0-5 ұпай болса үшінші картаны сатып алады. Осыдан кейін дилер де үшінші картаны сатып алуы мүмкін, оның стратегиясы күрделірек және ойыншының ұпайлар сомасына байланысты болады.
Осымен ойын аяқталады, ойыншы мен банкирдің ұпайлары есептеледі және салыстырылады, кімде көп болса – сол жеңеді. Ойыншыға жасалған ұтыс тігіс ол жеңген жағдайда 1-ге 1 мөлшерінде төленеді (қалған ұтыс тігістер жоғалады), банкирге жасалған ұтыс тігіс ол жеңген жағдайда – 5% комиссия шегеріліп 1-ге 1 мөлшерінде төленеді. Егер ұпайлар тең болса, онда тең ойын деп жарияланады, ойыншы мен дилерге жасалған ұтыс тігістер қайтарылады, тең түскен ұтыс тігіс 1-ге 9 (кейде 1-ге 8) мөлшерінде төленеді.