Бейнепокер – айырбасы бар бес картадан тұратын покер ережелеріне негізделген казино ойыны.
Ұтыс тігіс жасағанда ойыншы «Deal» (тарату) батырмасын басып, карталар – 52 парақты колодадан ашылған бес картаны алады. «Hold» (ұстау) пернесін басып немесе сенсорлық дисплей болған жағдайда картаға жай ғана басып тұрып, айырбастауға жатпайтын карталарды ұстап қалу орын алады. Осыдан кейін ойыншы тағы «Deal» (тарату) пернесін басады және автомат тіркелмеген карталарды ауыстырады. Ұтыс комбинациясы шыққан жағдайда автоматтың жоғарғы бөлігінде көрсетілген, комбинация мен ұтыс тігіске сәйкес келетін сома ойыншы шотына аударылады. Комбинациялар стандартты покерлік комбинацияларға сәйкес келеді, комбинация қаншалықты сирек болса – төлемдер де соншалықты жоғары. Төменде сіз аталмыш full-pay немесе 6/9 «Jacks or Better Poker» (Валеттер және одан жоғары) арналған төлемдер кестесін көре аласыз.
Ұтқан жағдайда ойыншыға ұтысын арттыру үшін тәуекел ету ұсынылуы мүмкін. Сізге ұтысты екі еселендіру (Double) немесе ақшаны алу (Collect) ұсынылады. Егер Сіз тәуекел еткіңіз келсе, «Double» басыңыз, бұл ретте экранда бес карта пайда болады, сол жағындағы – ашылған. Қалған төрт картаның ішінен ойыншы бірін таңдап алуы тиіс. Егер таңдалған карта ашылған картадан жоғары болса – ұтыс екі еселенеді, егер одан аз болса – ақша жоғалады, егер карталар бірдей болса – тең түседі. Екі еселендірудің басқа нұсқасы – жабық карталардың түстерін дәл табу. Ойыншы бірнеше рет қатарынан екі еселендіре алады. Кейбір автоматтар бүкіл ұтыс сомасын тәуекелге тікпей, тек оның жартысын ғана (Double-Half) тігуді ұсынады, кейбірінде ұтысты төрт еселендіру мүмкіндігі бар, бұл ретте ойыншыға жабық картаның түсін табу қажет.