7-карталық стад

7-карталық стад – классикалық, покердің аса кең тараған түрі болмаса да, бірақ сіз Холдемнен әбден жалыққан кезде бұл сізге нағыз қажетті ойын. Бұл покердің мәні – қолдағы жеті картадан ең үздік 5-карталық комбинация жинау. 7-карталық стадта бастысы таратылған карталарды есте сақтау қабілеті және бастапқы комбинацияңыздың әлеуетін анық түсіне білу. 7-карталық стад көбінесе классикалық покер түрлеріне (Техастық Холдем, Омаха, және т.б.) ұқсас болғанымен, онда баса көңіл бөлу қажет бірқатар айырмашылықтар бар.

Ұтыс тігістер

7-карталы покердің негізгі айырмашылықтарының бірі – Блайндтардың болмауы. Ұтыс тігісті барлық ойыншылар бірдей мөлшерде және белгіленген үстел лимитіне қарай жасайды.

Үстел басындағы әр ойыншы міндетті Анте ұтыс тігісін жасайды, оның мөлшері 10-25% ең аз ұтыс тігіс аралығында. Көбінесе 7-карталы стадта бекітілген ұтыс тігістер лимиті белгіленеді.

Бастапқы қол

Бұл жерде ең бастысы, өте сирек кездесетін ойыншыға әлеуетті жеңіске кепілдік беретін бастапқы комбинациялар. Сондықтан алғашқы таратуда карталарды тастамас бұрын қарсыластардың карталарын байқап қараңыз және ықтимал нұсқаларын талдап шығыңыз.

Стратегия

Покердің кез келген түріндегідей, бұл жерде ең бастысы практиканың орнын ештеңе арлмастыра алмайды. Сол себептен біз 7-карталы покердегі стратегиялар туралы жалпыға ортақ қабылданған қандай да бір ерекше жүйе дей алмаймыз. Бұл жерде ойынның аяқталуы, сондай-ақ сіздің табысыңыз өз банкролын бақылай білуге және қарсыласты сезіне білуге байланысты болады. Шамалыдан соң біз осы тақырыпты егжей-тегжейлі қозғайтын боламыз.

Негізгі ережелер

Покердің көптеген түрлеріне қарағанда, бұл жерде жалпы карталар ұғымы жоқ. Әр ойыншыға 7 картадан таратылады, олардың ішінде оларға ең жақсы 5-карталы комбинацияны таңдауға тура келеді. Әр ойыншыдағы карталар саны ойынды 8 қатысушыға дейін қысқартады. Клодадағы карталардың ең көп саны – 52. Ойын процесін рет-ретімен қарастырайық. Әдетте, 7-карталы стадта бекітілген лимит ойнатылады. Біздің мысалымызда үстелдің бекітілген лимиті 10/20 ойынды қарастырамыз.

Ойынның басталуы

Дилер картаны сағат тілі бойынша өзінің сол жағындағы ойыншыдан бастап таратады. Ойын барлық ойыншылар жасайтын Анте ұтыс тігісінен басталады, әдетте ол үстелдің ең төменгі лимитінің 1/5 бөлігін құрайды. Техастық Холдемдегі Блайндтарға ұқсас Анте міндетті ұтыс тігісі банкті толтырады.

Үшінші көше

Алғашқы тарату. Әрбір ойыншыға 2 картадан, төмен қаратылып және бір карта ашық күйінде таратылады. Ашық күйінде таратылған барлық карталар үстелде қалуы тиіс. Бұдан әрі ұтыс тігістердің бірінші раунды басталады. Бірінші ұтыс тігістеріең кіші картасы бар ойыншы жасайды. Егер екі ойыншыға бірдей төмен карталар түссе, бірінші боп ұтыс тігісті кімде аса жоғары карта болса сол жасайды.

Карта түстерін төменнен жоғарыға жіктеу: треф, бубны, червы және пики.

Бірінші ұтыс тігіс Bring-in және оның мөлшері үстел лимиттеріне сәйкес айқындалады,біздің жағдайда бұл 2, яғни қосарланған Анте. Сыдан кейін қалған ойыншылар, бірінші ұтыс тігіс жасаған ойыншының сол жағынан бастап ұтыс тігісті салыстыра, оны көтере немесе тастай алады. Бірінші раундта қтыс тігісті өтеру 10 Рубльді (төменгі үстел лимиті) құрайды. Әрбір раундта максимум бір ұтыс тігіске және ұтыс тігісті үш рет көтеруге жол беріледі, демек, біздің мысалымызда ең жоғары раунд ұтыс тігісі 40 Рубльді құрайды.

Төртінші көше

Төртінші карта ашық күйінде таратылады және жаңа сауда раунды басталады. Енді бірінші болып ұтыс тігісті ең жақсы карталар түскен ойыншы жасайды. Бұл раундта ұтыс тігіс немесе көтеру сомасы 10 Рубльді (төменгі үстел лимиті) құрайды. Егер ойыншыда жұп карта шықса, ол 20 Рубль (жоғары лимит) қоя алады. Осыдан кейін ең жақсы карталары бар ойыншының сол жағында отырған қалған ойыншылар өз ұтыс тігістерін жасайды.

Бесінші көше

Бесінші карта ойыншыларға ашық күйінде таратылады және ұтыс тігіс 20 Рубльге өседі. Ойынды қолы жақсы жүретін ойыншы бастайды және ойын әдеттегідей жалғасады.

Алтыншы көше

Жаңа карта әр ойыншыға ашық күйінде таратылады. Сол әрекет жалғасады, ұтыс тігістер деңгейі жоғары лимитке сәйкес артады.

Жетінші көше – Ривер

Соңғы карта әр ойыншыға жабық күйінде таратылады. Соңғы раунд өтіп жатыр, ұтыс тігістер сол деңгейде жалғасады.

Шоудаун

Ойыншылар өз карталарын ашады. Қолдағы 7 картаның ең күшті 5-карталы комбинациясы бар ойыншы жеңеді. Ұтыс тігісті соңғы боп жасаған ойыншы өз карталарын бірінші болып ашады.