Техастық Холдем

Ең алдымен, Техастық Холдем ойынында 5 негізгі раунд бар: • Префлоп • Флоп • Терн • Ривер • Шоудаун

Сондай-ақ, ойыншы Техастық Холдем раунды кезінде қабылдауы мүмкін 5 шешім бар: • Үтыс тігіс – Үстелдегі бастапқы фишкалар санын орналастыру. • Теңестіру – Ұтыс тігісті сізге дейін жүрген ойыншының ұтыс тігіспен теңестіру. • Жоғарылату – Сізге дейін жүрген ойыншыға қарағанда көбірек фишка қою. • Ойыннан бас тарту – сіз дилер алдында карталарыңызды ашасыз және осы карталар жинағымен ойынды жалғастырмайсыз. • Чек (Тексеру) – Қазіргі сәтте шешім қабылдаудан тартыну. Сіз шешімді кейінірек, раунд кезінде қабылдай аласыз.

Дилер батырмасы және Блайндтар

Жаңа үстел басында ойын әр ойыншыға бір-бір картадан таратудан басталады. Ең жоғары карта түскен ойыншыға дилер батырмасы беріледі. Әрбір кейінгі ойын әр ойында сағат тілі бойынша қозғалатын дилер батырмасы берілген ойыншыдан басталады. Карталар дилердің жанында отырған ойыншыдан бастап сағат тілі бойынша таратылады. Онлайн кеңістікте үстелдер үнемі белсенді, сондықтан сіз ойынға қосылатын уақытқа қарай дилердің позициясы белгілі болады. Дилер батырмасы дилердің теориялық белгісі іспеттес. Шынайы ойында бұл тұлға шынымен карта таратуы мүмкін, бірақ көптеген казинода, нақты онлайн, картаны үй (бағдарлама) таратады.

Флопқа дейін негізгі банк құратын Блайндтар орналастырылады. Блайндтар дилердің сол жағында отырған екі ойыншымен басталады. Батырманың жанында отырған ойыншы Смол Блайнд ұтыс тігісін орналастырады. Ол үстелдің ең төменгі лимитінің жартысын білдіреді. Біздің мысалымызда 20/40 бұл 20 рубль болады. Сол жақта отырған ойыншы бұл ойыншыдан Биг Блайнд қояды. Бұл сома ең төменгі лимитке тең (біздің мысалда, 40 рубль). Бұл міндетті ұтыс тігістер ойын жүретін банктің болуын қамтамасыз етеді. Олар салыстырмалы мөлшеріне байланысты Смол және Биг (кіші және үлкен) деп аталған. Олар Блайндтар (ұтыс тігісті көз жұмып тігу) деп аталады, өйткені ойыншылар бұл ұтыс тігістерді карталар алғанға дейін, демек, өз комбинацияларын көрмей жасайды.

Айыппұл Блайндтары

Егер кез келген себеппен сіз үстелден кетпей Смол Блайнд немесе Биг Блайнд орналастыру жүрісін өкізіп алсаңыз (покерде мұндай ишараны «босқа отыру» деп атайды), үстел басына қайтып оралған соң сіз айыппұл ұтыс тігісін қоюға тиіссіз: Смол Блайндты өткізіп алғаныңыз үшін сіз Биг Блайнд сомасында айыппұл төлеуге тиіссіз. Көрсетілген сәтте Биг Блайнд қоятын ойыншы үшін бұл сома қосымша болып табылады. Биг Блайндты немесе Смол Блайнд пен Биг Блайндты өткізіп алғаныңыз үшін сіз Биг Блайнд сомасында және Смол Блайнд сомасында тағы бір айыппұл төлеуге тиіссіз. Бұл шамалы сома тікелей банкке арналады (тігілген фишкалар/ақшалар) және ойында ойыншы тыс тігісі ретінде есептелмейді. Бұл «Өлі Ұтыс тігіс» деп аталады.

Префлоп

Әр ойыншы теріс қаратылған екі картадан алады (оларды тағы жабық карталар немесе қалта карталары деп атайды). Биг Блайнд позициясынан сол жақта отырған ойыншы бірінші жүрісін жасайды. Бұл раундта оның үш варианты бар. Ол ұтыс тігісті теңестіруі, көтеруі немесе одан бас тартуы, яғни жүрісін өткізіп жіберуі мүмкін. Егер ол көрсетіліп өткендей ойыннан бас тартса, ол өз карталарын тастайды, жүріс оның сол жағындағы келесі ойыншыға өтеді. Егер ол теңестірсе, ол өз ұтыс тігісін мәжбүрлі Биг Блайндтар сомасымен теңестіруі тиіс (біздің мысалымызда 20/40 – 20 Рубль). Егер ол лимит бекітілген ойында ұтыс тігісті көтеруді шешсе, ол ұтыс тігісті тағы 20 Рубльге, бірақ 40 Рубльден аспайтын сомаға тағы көтере алады.

Лимиті бекітілген ойында бір раундта 1 ұтыс тігіс және үш рет көтеруге рұқсат берілген. Көтерудің өз атаулары бар:

• Рэйз • Рерэйз • Кэп

Біздің мысалымызда ұтыс тігістері 20/40 ойында, Флоп кезінде бастапқы ұтыс тігіс 20 Рубльді құрайды, Рэйз тағы 20 Рубль болады – бұл дегеніміз ойыншы 40 Рубль тікті дегенді білдіреді, Рерэйз 60 Рубль, ал Кэп (ұтыс тігісті төртінші рет көтеру) тағы 20 Рубль болады, нәтижесінде 80 Рубльді құрайды. Кэптан кейін, осы раунд ішінде ұтыс тігісті одан әрі көтеруге жол берілмейді. Терн мен Ривер кезінде ұтыс тігістер мен көтерулер жоғары лимит бойынша екенін есте сақтаңыз (біз онымен кейінірек танысамыз). Көтерулер жүйелілігі мынадай: бет, рэйз, трибет (рерэйз), кэп.

Ойынға оралайық. Жүріс сағат тілімен айнала өтеді және әр ойыншы өз қалауынша, жүріс Смол Блайнд позициясындағы ойыншыға жетпейінше ұтыс тігісін теңестіреді, көтереді немесе бас тартады. Барлығы теңестірді делік. Біздің ойынымызда 20/40, бұл әр ойыншы банкке 20 Рубльден қосты дегенді білдіреді. Енді, жүріс кезегі Смол Блайндта. Бұл ойыншы ең төменгі лимиттің жарты сомасын (біздің мысалымызда 10 рубль) ұтысқа тігіп қойғанын естен шығармаңыз. Осы себеппен, егер ойыншы теңестіруді шешсе, ол банкке тек 10 Рубль қоюы тиіс (20 Рубль, яғни ең төменгі Блайнд сомасына жету үшін). Әрине, ойыншы көтеруге (40 Рубльге дейін) немесе бас тартуға құқылы.

Енді жүріс Биг Блайнды бар ойыншыға өтеді. Бұл ойыншы банкке 20 Рубль тікті. Теориялық тұрғыдан Префлоп аяқталды, өйткені барлық ойыншылар бірдей сома енгізді, ал Биг Блайнды бар ойыншы өз карталарының негізінде шешім қабылдай алмаған жалғыз ойыншы болып қалды, сол себепті ол бұны тап қазір жасауға құқылы. Ол ұтыс тігісті көтере(40 Рубльге дейін), бас тарте немесе тексере алады. Әдетте, ойыншы үстелде ақша жатқандықтан, тексере алмайды, бірақ бұл жағдайды Биг Блайнд позициясындағы ойыншы тексере алады, яғни ұтыс тігісті көтермей, ойынды жалғастыруы мүмкін.

Егер сізде таңдау блса, картаны тастағанша тексеріп алған дұрыс екенін естен шығармау маңызды. Сіз бәрібір ойында қаласыз және сізге комбинацияны жақсартуға көмектесетін карталар алуыңыз мүмкін. Егер Биг Блайнд позициясындағы ойыншы ұтыс тігісті көтерсе, ойын барлық ойыншылар теңестіргенше немесе өз карталарын тастамайынша айналып жалғаса береді. Осының бәрі жіне барлық стандартты раундтар аяқталған соң ойын барлық ойыншылар банкке бірдей мөлшерде фишка енгізбейінше немесе өз карталарын тастамайынша жалғасады. Бұл мысалда Биг Блайндты бар біздің ойыншы тексереді.

Осымен Префлоп аяқталады да, барлық фишкалар жиналады және үстел ортасына орналастырылады.

Флоп

Дилер үстелге үш картаны бетін ашып қояды. Олар жалпы карталар деп аталады және тиісінше атауына қарай оларды үстелдегі барлық ойыншылар өз комбинацияларын толықтыру үшін бөліп алады. Карталарды таратқан соң бірінші жүрісті дилер батырмасынан сол жақта отырған ойыншы бастайды. Әдетте, бұл Смол Блайнд позициясындағы ойыншы, бірақ ол егер бас тартса, жүріс келесі ойыншыға өтеді. Бұл ойыншы тексеруі немесе ұтыс тігіс жасауы мүмкін. Жүріс әр ойыншы тексеру, теңестіру (егер ұтыс тігіс жасалса немесе көтерілсе), көтеру немесе бас тарту мүмкіндігін алмайынша айнала жалғаса береді. Егер ұтыс тігіс жасалса немесе көтерілсе, әр ойыншы ұтыс тігісті теңестіруі, оны көтеруі немесе одан бас тартуы тиіс. Ойыншылар раунд кезінде тексеруді жиі таңдайды. Бұл жағдайда банкке ақша қосылып, раунд аяқталады.

Осыған дейінгідей, барлық ойыншылар теңестірген (немесе бас тартқан) және бірдей соманы қойғаннан кейін раунд аяқталды деп саналады.

Терн

Дилер төртінші жалпы картаны ашып таратады. Ойыншылар тағы да дилердің сол жағынан бастап ойын бойынша шешім қабылдайды: тексереді, ұтыс тігіс жасайды немесе бас тартады. Алайда бұл раундта, келесідегідей, ойыншылар ұтыс тігіс жасайды және оны үстелдің ең жоғары лимитіне дейін көтереді. Біздің мысалда бұл 40 Рубль. Әрекет бұрынғыша, барлық ойыншылар бірдей соманы қойғанша немесе карталарын тастағанша жалғасады. Бұл раундтың барлық сомасы тағы да үстел ортасына өтеді.

Ривер

Дилер үстелге бесінші соңғы картаны ашық күйінде таратады. Енді әр ойыншыда жеті картадан бар (олардың 2 қалта картасы қолдарында және бес жалпы карта), олардың ішінен олар бес картаның ең үздік комбинациясын құра алады. Тағы да дилердің сол жағындағы ойыншы бірінші боп жүреді және жүріс бұрынғыша айнала жалғаса береді.

Маңызды ескертпе: Осы немесе кез келген басқа раундта, егер ойыншы ұтыс тігіс жасаса (немесе оны көтерсе), ал барлық қалған ойыншылар бас тартса, ойын аяқталады, бұл ойыншы автоматты түрде жеңімпаз атанады және бүкіл банк сомасын алады.

Шоудаун

Риверден кейін ойыншылар жеңімпазды анықтау үшін өз карталарын салыстырады. Ең жоғары комбинацияға ие ойыншы банкті ұтып алады. Егер екеуінде немесе ойыншылардың көпшілігінде комбинациялар бірдейилердің сол жағындағы ұтқан ойыншыға беріледі.

Ойыншылар карталарын белгілі бір жүйе бойынша ашады. Егер сауда кезінде барлық ойыншылар чек өтінім жасаса, онда карталарды бірінші болып баттоннан кейінгі ойыншы ашады және одан әрі барлығы сағат тілі бойынша ашады. Сауда басқалай дамыған кезде бірінші болып соңғы арттыру ұтыс тігісін (бет, рэйз, рерэйз) жасаған ойыншы және одан әрі сағат тілі бойынша оны теңестірген барлық ойыншылар ашады. Егер сол жақтағы ойыншы комбнацияны жеңе алса, онда ол өз карталарын ашады. Алайда егер оның комбинациясы төмен болса, ол ашуға міндетті емес және карталарын жай тастай сала алады. Барлық ойыншылар карталарын ашқан (немесе тастаған) соң ең жоғары комбинация көрсеткен ойыншы банкті ұтып алады.

Одан әрі не болады?

Шоудауннан кейін карталар дилерге қайтарылады. Ұтқан ойыншы өз фишкаларын жинайды және дилер батырмасы сағат тілі бойынша келесі ойыншыға беріледі. Бұл әрекет, сипатталып өткендей, дилер позициясын, Смол Блайнд және Биг Блайндты бөлуді қамтамасыз етеді, сол арқылы үстел басындағы барлық ойыншылар барлық ықтимал позицияларда ойнай алады.

Поттың кең таралған екі нұсқасы бар. Пот лимит және лимитсіз.

Техастық Холдемде, Омахиға қарағанда лимитсіз ойын жиі кездеседі.

Пот лимит

Лимиті бар ойын. Ойыншылар үстелдің ағымдағы лимиті (Пре-флоп кезіндегі төменгі лимит және Тёрн мен Ривер кезіндегі жоғарғы лимит) мен пот пен слоттың ең жоғары сомасы арасында кез келген ұтыс тігіс жасай алады.

Мысалы, біз флоп кезінде 20/40 ойынына қосыламыз. Банкте 200 Рубль және кіші Блайнд позициясындағы ойыншы 20 Рубль ұтыс тігіс жасады. Келесі ойыншыға да колл жасау (ұтыс тігісті қолдау) үшін 20 Рубль қоюға тура келеді. Жалпы пот сомасы 240 Рубль (200 (пот) + 20 (1-ші ойыншының ұтыс тігісі) + 20 (сіздің колл)). Бұл жағдайда сіз 240 Рубльге дейін рейз (көтеру) жасай аласыз.

Сіз рейз 160 Рубль жасадыңыз делік. Енді банкте 400 Рубль. Келесі ойыншы ең болмаса, 180 Рубльді коллдауға (ұтыс тігісті қолдау, «Сall» термині) тиіс болады. Бұл банкте енді 580 Рубль бар дегенді білдіреді (200 (банк) + 20 (1-ші ойыншының ұтыс тігісі) +180 (сіздің ұтыс тігісіңіз бен рейз) + 180 (келесі ойыншының коллы). Ол үстел лимиті (төмен немесе жоғары, біздің мысалда 20 Рубль немесе 40 Рубль) мен 580 Рубль арасында кез келген рейз жасай алады.

Көріп отырғандай, банк мөлшері геометриялық прогрессиямен артуда және соның арқасында покердің бұл түрі лимиті белгіленген ойынға қарағанда, көбінесе лимитсіз ойынға ұқсайды.

Лимитсіз

Бұл жерде барлығы түсінікті. Атауы көрсетіп отырғандай, лимитсіз ойында ойыншылар раунд лимиті және олардың чиптерінің (фишкаларының) жалпы сомасы шеңберінде ұтыс тігістер жасай алады. Кез келген покер ойынында барлық чиптерді қою олл-ин деп аталады. Покер партиясы кезінде фишкаларды қосымша сатып алуға тыйым салынады. Егер раунд, ұтыс тігістер кезінде ойыншыда чиптері бітіп қалса, ал басқа ойыншылар әлі де ұтыс тігіс жасай алса, онда банк раундтан кейін банк ойыншы олл-ин тіккен кезден бастап бөлінеді. Ойыншылар жасайтын барлық кейінгі ұтыс тігістер жеке «қосымша банкте» сақталады. Карталарды ашу кезінде бірінші ойыншы өзі ақша салған банк үшін күреседі. Барлық қалған ойыншылар екі банк үшін де күреседі. Бірінші кезекте «қосымша банкті» ұтып алған ойыншы айқындалады.

Кейде бірнеше «қосымша банк» болады. Бұл жағдайда сол ережелер қолданылады. Ойыншылар өздері ақша салған банк үшін күреседі.