Жобаның қауіпсіздік жүйесі екі факторлы анықтап танудың көмегімен сіздің ойын аккаунтыңызды бұзып кіру мен қаскөйлерден сенімді қорғауға мүмкіндік береді. Бұл қорғанышты покер-румның барлық пайдаланушылары қолдана алады және ол үшін қандай да бір смс алудың қажеті жоқ.
Қорғаныш мобильді қосымшаны немесе браузер үшін кеңейтуді генерациялайтын бірреттік қауіпсіздік кодтарының көмегімен қосылады және жұмыс істейді. Екі факторлы анықтап тану барлық смартфондар мен дербес компьютерлердің операциялық жүйелері үшін жұмыс істейді.
Егер екі факторлы анықтап тану функционалы қосылмаса, ойын балансындағы ақша қарааттары үшін біз жауап бермейтінімізді ескертеміз.
МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША
-
Сіздің смартфоныңызда камера жұмыс істеп тұрғанына және екі факторлы анықтап тану үшін қосымшалардың бірі орнатылғанына көз жеткізіңіз. Мысалы, Google Authenticator немесе Authy қосымшасы.
-
Сайтта логинмен тіркеліңіз.
-
Cілтеме бойынша екі факторлы анықтап тану бөліміне өтіңіз.
-
“Екі факторлы авторизацияны қосу” батырмасын басыңыз.
-
Екі факторлы анықтап тануға арналған мобильді қосымшаның көмегімен парақшадағы QR кодты сканерден өткізіңіз. Бұл нұсқаулықта Google Authenticator қосымшасы пайдаланылды.
-
Қосымша генерациялаған кодты QR кодтың астындағы жолға енгізіп, “2ФА қосу” басыңыз.
-
Рәсімді сәтті орындаған жағдайда тиісті хабарлама пайда болады. Осыдан кейін сіз парақшаны жабуыңызға болады. "Бас тарту" батырмасын баспасаңыз қорғау сөніп қалады. Қорғауды сөндіріп тастау үшін қосымшадан қауіпсіздік кодын енгізу қажет.
Енді өз профиліңізге немесе ойынға арналған қосымшаға кірген сайын логин мен құпиясөзден басқа бірреттік қауіпсіздік коды да талап етіледі. Ол кодты алу үшін опцияны қосу үшін пайдаланған қосымшаны іске қосыңыз және экранда жанған кодты енгізіңіз.
Кодты енгізу үшін сізде 30 секунд бар. Осыдан кейін қосымша жаңа кодты генерациялайды. Қосымша және кодтар генерациясы интернетке қосылмай-ақ жұмыс істейді.